Денсаулық

Астаналық зейнеткерлер қай санаторийлерге жеңілдікпен бара алады?

Астанада зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделуге жеңілдетілген жолдама беріледі. Қолданыстағы тәртіп бойынша мұндай мүмкіндік екі жылда бір рет ұсынылады.

2026 жылғы 26 маусымдағы өзгерістерге сәйкес, жеңілдікпен жолдама алу үшін азаматтың Астана қаласында кемінде үш жыл тұрақты тіркеуде болуы қажет. Жасы бойынша зейнеткерлер жолдама құнының 20 пайызын, ал ең төменгі зейнетақы алатындар 15 пайызын төлейді.

Бұған дейін Астана әкімдігінің хабарламаларында зейнеткерлерге бірнеше санаторий ұсынылған. Олардың қатарында:

  • «Айша Бибі» – Тараз қаласы, Жамбыл облысы;
  • «Zari» – Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы;
  • «Қатаркөл» – Бурабай ауданы, Ақмола облысы.

Алайда санаторийлердің тізімі мен бос орындар әр кезеңдегі келісілген келу кестесіне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан нақты қай шипажайға жазылу ашық тұрғанын birge.astana.kz порталынан тексеру қажет. 2026 жылғы жаңа тәртіп бойынша тіркелу әр айдың алғашқы жұмыс күнінде сағат 09:00-де ашылады, ал бос орындар тез толуы мүмкін.

Жолдаманы алу үшін ЭЦҚ арқылы birge.astana.kz сайтына тіркелу керек. Онлайн тіркелуге қиналған жағдайда «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгінуге болады.

Санаторлық емдеу ұзақтығы 14 күнтізбелік күн. Шипажайға дейінгі жол шығынын жолдама алған азамат өзі төлейді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button