Қоғам

Астанада жылу беру маусымы: жылу қашан беріледі?

Астанада жылу беру маусымы биыл қазанның ортасында басталуы мүмкін

Астанада биыл жылу беру маусымы қазан айының ортасында ғана басталуы мүмкін. Салыстырмалы түрде, былтыр қалада жылу 28 қыркүйектен бастап берілген.

Жылудың берілуі ауа райына байланысты. Тәуліктік орташа температура бес күн қатарынан +10°C және одан төмен деңгейде сақталса, қалада жылу беру басталады. Ал әзірге қыркүйектің соңына қарай синоптиктер күндіз +14…+18°C дейін жылынуды болжап отыр. Тұрақты салқын ауа райы 10 қазанға қарай күтіледі.

Бұл уақытта қала қысқа дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жылу желілері мен жабдықтарға жөндеу жүргізіліп, ЖЭО-2-де қосымша қазандықтар салынып жатыр. Сондай-ақ «Тельмана» жаңа газ станциясының құрылысы жүргізілуде.

Қысқасы, батареялар әзірге демалып тұр. Ал астаналықтарға әзірше жылытудың ескі әрі сенімді жүйесі көмектеседі: қалың шұлық, жылы көрпе және тәуліктік орташа температураны күн сайын бақылау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button