Басты жаңалықСаясат

Оман Сұлтаны келген бұл сапардың мәні неде?

Бұл сапардың өзгелерден айырмашылығы неде?

Бұл — ресми емес, мемлекеттік сапар. Астанада ресми сапарлар көп өтеді, ал мемлекеттік сапарлар өте сирек ұйымдастырылады. Мұндай сапарда толық протокол сақталады: құрмет қарауылы, әскери эскорт, оркестр және кортеж жүретін жолдардың уақытша жабылуы.

Бұған дейін елордада осы форматта Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алған болатын. Мемлекеттік сапармен келетін жоғары деңгейдегі қонақтар саны көп емес.

5 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саид Астанаға келді. Әуежайда оны құрмет қарауылы мен оркестр қарсы алды. Ал Оман сұлтанының ұшағын шекарадан бастап жойғыш ұшақтар алып жүрді.

6 қазанда сапар жалғасып жатыр. Мемлекет басшылары келіссөздер өткізіп, бірқатар құжатқа қол қояды. Сондай-ақ қазақ-оман бизнес-форумы өтеді.

Ертең елорданың негізгі көшелерімен жүруді жоспарламай-ақ қойған дұрыс. Көлік қозғалысына шектеу қойылады. Нақты уақыт пен жабылатын көшелердің тізімі әзірге айтылмайды. Бұл — кортеж қауіпсіздігіне байланысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button