Қоғам
Енді автобусты ұзақ күтпейсіз

Астанада 7 бағытта автобус саны көбейді. Бұл туралы http://cts.gov.kz компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 қалалық және 3 экспресс маршрутта қосымша автобустар шығарылды:
▪️ №20 – 19 автобус (бұрын 17)
▪️ №60 – 18 автобус (бұрын 16)
▪️ №63 – 19 автобус (бұрын 17)
▪️ №78 – 10 автобус (бұрын 8)
▪️ №501 – 10 автобус (бұрын 8)
▪️ №502 – 10 автобус (бұрын 8)
▪️ №505 – 10 автобус (бұрын 8)
Сонымен қатар, №63 маршрутта демалыс күндері қатынайтын автобус саны 4-ке артып, жалпы 14 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді.



