Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді

22–24 сәуір күндері Қазақстанның астанасында алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырылады. Ауқымды халықаралық шара бір алаңға мемлекет басшыларын, беделді сарапшыларды және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін жинамақ. Саммиттің басты мақсаты – экологиялық сын-қатерлерге бірлескен практикалық шешімдер әзірлеуге арналған ашық халықаралық платформа қалыптастыру, қоршаған орта мен су ресурстары мәселелерін талқылау және негізгі бағыттар бойынша ортақ келісімдерге қол жеткізу.

Саммит жұмысына Орталық Азия елдері, Еуропалық одақ, ШЫҰ және Таяу Шығыс мемлекеттерінен шамамен 1500-ге жуық қатысушының келуі күтілуде. Олар экология саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Іс-шара барысында сегіз негізгі тақырып қамтылады. Атап айтқанда, экологиялық және табиғи қауіптерге бейімделу мен экономикалық орнықтылық, азық-түлік қауіпсіздігі мен өңірлік экожүйе, табиғи ресурстарды орнықты басқару, атмосфералық ауаның ластануымен күрес және қалдықтарды басқару, экологиялық мақсаттарға жету тетіктері, әділетті әрі инклюзивті өтпелі кезең, экологиялық және цифрлық құзыреттерді дамыту, сондай-ақ климаттық өзгерістерге бейімделуді қолдау мәселелері талқыланады. Саммит қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен декларациясын қабылдау жоспарланған.

Айта кетейік, Өңірлік экологиялық саммитті 2026 жылы өткізу бастамасын БҰҰ-мен әріптестікте Қазақстан Президенті Қасым-арт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында ұсынған болатын. Саммиттің халықаралық серіктестері қатарында БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, IRENA, АДБ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, IWMI және SWITCH-Asia ұйымдары бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button