Қоғам

Астанада негізгі даңғылдардың бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектелді

Астана қаласында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі апатты-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты уақытша жабылды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына орай даңғыл бойындағы көлік қозғалысы 1,5–2 тәулікке шектеледі.

Атап айтқанда, Ш. Қалдаяқов көшесінен И. Панфилов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс бір бағыттауақытша жабылады. Сонымен қатар, Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына оңға бұрылып кіретін қосымша жол қолжетімді болады.

— Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Тілендиев көшесін ұзарту (пробивка) жобасы жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button