Барлық балаларға 130 АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылды

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында кезекті төлем түсті. Бағдарлама іске қосылған 2023 жылдан бері бұл — үшінші жыл сайынғы төлем. Соның нәтижесінде қазір әр баланың шотында 370,56 АҚШ долларыжиналып отыр.
Қаражаттың бар-жоғын қалай тексеруге болады?
-
kids.enpf.kz сайты арқылы (баланың ЖСН-ін енгізу қажет);
-
Kaspi және Halyk қосымшаларында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде.
Бұл қаражатты қалай пайдалануға болады?
Жиналған ақша 18 жасқа толғаннан кейін ғана:
-
тұрғын үй жағдайын жақсартуға;
-
білім ақысын төлеуге жұмсалады.
Бағдарламаға туған сәтінен бастап қатысқан балалар 18 жасқа келгенде шамамен 3000–4000 АҚШ долларыкөлемінде қаражат жинай алады.
Сонымен қатар, бұл жинақты «Келешек» бағдарламасындағы қаражатпен біріктіруге болады. Бұл бағдарлама бойынша мемлекет:
-
235 мың теңге көлемінде бастапқы капитал аударады;
-
әрі қарай мемлекеттік сыйлықақы қарастырылған.
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы туралы қысқаша:
-
2006 жылы туған және одан кейін дүниеге келген барлық балалар қатысады;
-
Барлық балаларға жылына бір рет, тең мөлшерде төлем жасалады;
-
2026 жылы 18 жасқа толатын балаларға да биыл төлем аударылды.
Алдыңғы жылдардағы жиналған қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады, нәтижесінде оған қосымша инвестициялық табыс есептеледі.



