Туризм
1 наурыздан бастап авиакомпаниялар үшін жолаушылар үшін жаңа ережелер күшіне енеді.

Негізгі жаңашылдықтар:
-
12 жасқа дейінгі балалар ата-анасының қасына қосымша ақысыз отырғызылады.
-
Рейс 30 минуттан артық кешіккен жағдайда, жолаушы билет құнын толық қайтарып ала алады.
-
Рейске кешіккендер үшін 2 сағаттық “жеңілдік терезесі” енгізіледі.
-
Авиакомпаниялар билет сатып алар алдында барлық жасырын шарттар мен айыппұлдарды алдын ала толық көрсетуге міндетті.
-
Ішкі рейстерде балаларға 50% жеңілдік қарастырылады.
Бұл шешім Қазақстан Үкіметі, Көлік министрлігі және Азаматтық авиация комитетінің бастамасымен қабылданды. Өзгерістер әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына және қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер аясында жүзеге асырылып отыр.



