Қоғам

Қазақстанда INVATAXI қызметіне такси агрегаторлары қосыла бастады

Қазақстанда инватакси қызметін көрсетудің жаңа тетігі енгізілуде. Бұл жүйе такси агрегаторларын тарту арқылы жүзеге асырылуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пилоттық жобасы 2026 жылдың басынан бері Астана мен Алматы қалаларында 38,5 мың рет инватакси қызметін көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін 489,8 мың рет пайдаланған.

Бұған дейін Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, қызметтің сапасы мен жеделдігін арттыру мақсатындаоны ұсыну тетігін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Қолданыстағы ережелер бірқатар шектеулерді көздеген. Мәселен, азаматтар сапарға бір тәулік бұрын телефон арқылы жазылуға мәжбүр болды. Бұл маршрутты алдын ала жоспарлауды, көлікті ұзақ күтуді және арнайы жабдықталған автокөліктердің жетіспеушілігін туындатты.

Қызметке қолжетімділікті жеңілдету үшін такси агрегаторларын тарту жөнінде пилоттық жоба іске қосылды. Жобаға қатысушыларға сапар ақысынан комиссия ұстамау ұсынылды. Пилоттық жобаға Yandex компаниясыөтеусіз негізде қосылды.

Енді қызмет алушылар Yandex Go мобильді қосымшасы арқылы жеңіл автокөліктерге тапсырыс бере алады. Бұл көлікті жылдам таңдауға, тапсырыс мәртебесін онлайн бақылауға және орындалған сапарларды қадағалауға мүмкіндік береді. Қосымшада арнайы мүмкіндіктер экраны енгізілген — жолаушылар сапар ерекшеліктері туралы жүргізушіні алдын ала ескертеді. Ал жүргізушілерге жолаушыны отырғызу және түсіру кезінде көмек көрсету жөнінде арнайы нұсқаулықтар жіберіледі.

2026 жылы жоба Астана мен Алматы қалаларындағы мүгедектігі бар адамдардан құралған фокус-топтыңқатысуымен пилоттық режимде жалғасады. Алдағы уақытта бұл тәжірибені елдің басқа өңірлеріне таратужоспарланып отыр.

Еске салайық, Алматы қаласында инватакси қызметі тәулік бойы жұмыс істей бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button