Мәдениет
«Сәлем саған, туған ел»: Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған музыкалық кеш
Астанада көрнекті композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеші өтеді.

10 ақпан Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына орай музыкалық кеш ұйымдастырылады. Республикалық деңгейде алғаш рет өтетін бұл тағылымды кеште композитордың ұлттық рух пен заманауи әуенді ұштастырған таңдаулы шығармалары орындалады.
Концерт барысында «Сәлем саған, туған ел», «Ойлайсың ба, жаным», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Ғашықтар жыры», «Қарағым-ай», «Анаға хат» сынды елге кеңінен танымал туындылар көрермен назарына ұсынылады. Музыкалық кешке Қазақконцерттің белгілі солистері мен шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Қазақстан және Ресейдің танымал өнер қайраткерлері қатысады.



