Астанада аллергология және иммунология бойынша IV халықаралық конференция өтпек

2026 жылғы 19–20 ақпанда Астана қаласында «Аллергология және иммунологияның пәнаралық мәселелері» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады. Іс-шара ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы базасында өтеді.
Конференцияға Қазақстанмен қатар Ресей, Австрия, Италия, Түркия және басқа да елдердің жетекші мамандары қатысады. Шақырылған сарапшылар арасында Вена медициналық университетінің профессоры Рудольф Валента, И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ профессоры Дарья Фомина, италиялық маман Энрико Компалати және отандық ғалымдар бар.
Екі күн бойы қатысушылар бронх демікпесін емдеудің жаңа тәсілдерін (GINA 2025 ұсынымдары аясында), созылмалы есекжем, ангиоісіну, дәрілік аллергия мен анафилаксия, биологиялық терапия, иммун тапшылығы жағдайлары және «күрделі пациентті» жүргізу тактикасын талқылайды. Бағдарламада пленарлық отырыстар, симпозиумдар, шеберлік сабақтары және жас ғалымдар байқауы қарастырылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аллергиялық және иммундық аурулардың таралуы артып отырған кезеңде мұндай халықаралық алаң тәжірибе алмасуға, заманауи ұсынымдарды тәжірибеге енгізуге және пәнаралық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 80. 19 ақпанда басталуы – 08:30 (F блогы), 20 ақпанда – 09:00 (L блогы).



