Денсаулық

Тұтынушы дәрі-дәрмекке 4 есе қымбат төлеген: шекті бағаны қалай білуге болады?

Тұтынушы дәріні сатып алғаннан кейін ғана оның бағасын шамамен 4 есе қымбат төлегенін анықтаған. Дәріханада таблеткалар 12 450 теңге тұрған, ал олардың шекті бағасы небәрі 3 749 теңге болып шыққан.

Бағаны қалай тексеруге болады?
DariKz қосымшасы мен ресми сайт арқылы. Онда Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетіледі. Бұл — сатуға рұқсат етілген ең жоғары баға. Егер дәріханада баға шекті деңгейден жоғары болса, шағымды тікелей қосымша арқылы жіберуге болады.

Шағым беру тәртібі:
• DariKz қосымшасын жүктеңіз (Android және iOS)
• «Дәрі-дәрмектер» бөлімінен қажетті препаратты тауып, ашыңыз
• «Баға бойынша шағым беру» батырмасын басыңыз
• дәріхананың атауы мен мекенжайын, көрсетілген бағаны және қосымша мәліметтерді енгізіңіз
• міндетті түрде фискалдық чектің фотосын тіркеңіз
(немесе баға көрсетілген ценниктің суретін қосуға болады)

Өтініш Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жолданады. Олар шағымды қарайды, қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұрайды және кері байланыс береді.

Айта кетейік, желіде осы оқиғаның жалғасы бар видео да жарияланған. Онда дәрінің бағасына тек шекті бағалар реестріндегі сома ғана емес, Денсаулық сақтау министрлігінің жылына екі рет жаңартылатын бұйрығы және препараттың Қазақстанға қашан әкелінгені де әсер ететіні айтылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button