Қоғам

Ата-ананы алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Kaspi қосымшасында жуырда пайдалы сервис пайда болды – «Сенімді байланыс». Бұл қызмет ата-ананың қаржысын телефон алаяқтарынан немесе интернеттегі алдаудан қорғауға көмектеседі.

Қорғау жүйесі күмәнді әрі әдеттен тыс операциялар кезінде іске қосылады. Мысалы, ата-анаңызға тән емес аударымдар, қолма-қол ақша шешу, интернеттегі сатып алулар немесе Kaspi.kz қосымшасындағы төлемдер анықталса, жүйе оны белгілеуі мүмкін.

Осындай жағдайда сенімді байланыс ретінде көрсетілген адамға Kaspi.kz қызметкерінен қоңырау шалынады, сондай-ақ қосымша ішінде хабарлама келеді. 24 сағат ішінде ол операцияны растауы немесе кері қайтаруы тиіс.

Маңыздысы: күнделікті әдеттегі әрекеттер – дүкендегі сатып алулар, қызметтерге төлем жасау, өз шоттары арасындағы аударымдар сенімді байланысқа көрсетілмейді. Сонымен қатар несиені өтеу, Kolesa.kz арқылы автонесие рәсімдеу және Kaspi Travel сервисіндегі сатып алулар да бұл бақылауға кірмейді.

Сервисті тек ата-ананың өзі қоса алады. Ол үшін Kaspi қосымшасындағы «Баптаулар» бөлімінде сенімді байланыс ретінде 21 жастан асқан, Kaspi клиенті болып табылатын өз баласын көрсетуі қажет.

Бұл — қарапайым, бірақ өте тиімді қорғаныс тәсілі. Алаяқтар көбейген заманда ата-ананың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button