Қоғам
Астанада пиротехника сатылымына бақылау күшейтілді
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордада «Пиротехника-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Полицияның мәліметінше, тексеру жұмыстары 2026 жылғы 10 қарашадан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін жалғасады.
Алдын ала тексеру нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық өнім сатудың екі дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан 57 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді.
Сонымен қатар 300-ге жуық білім беру ұйымында оқушыларға пиротехниканы қауіпсіз пайдалану және заңсыз қолданғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.



