Қоғам
LRT ның екінші кезеңінің қарқыны қандай?
Елордадағы LRT жобасының екінші кезеңі нақты іске көшті. Қосшы қаласы бағыты бойынша алғашқы тірекке бетон құйылып, құрылыс жұмыстарының жаңа кезеңі басталды.

Сонымен қатар Астанадағы бетон зауытында эстакадалық желіге арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды. Бұл — жобаның өндірістік процесі жүйелі жолға қойылғанын көрсететін маңызды қадам.
Жоба аясында Қосшы бағыты бойынша ауқымды құрылыс жүргізілмек. Атап айтқанда, 300-ден астам тірек орнатылып, 538 темірбетонды эстакадалық арқалық пен сегіз монолитті арқалықты монтаждау жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, бұл кезең елорданың көлік жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, Астана мен Қосшы арасындағы қатынасты айтарлықтай жеңілдетеді. Болашақта LRT желісі тұрғындар үшін жылдам әрі ыңғайлы қоғамдық көлік түріне айналмақ.



