Әскери парад болмайды: оның орнына не болады?

Елордада нағыз әскери рухты сезінгіңіз келе ме? Онда 7 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақ елі алаңы алаңына келіңіз!
Отан қорғаушылар күніне орай мұнда ерекше форматтағы плац-концерт өтеді. Бұл — жай ғана концерт емес, әскери тәртіп пен өнердің үйлескен әсерлі көрінісі.
Көрермендерді не күтеді?
Әскери оркестрлердің жанды орындауындағы әуендер, мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының мінсіз қимылдары және көз тартарлық көрсетілімдер. Саптық дайындықтың күрделі элементтері мен салтанатты бөлімшелердің қойылымдары алаңды нағыз мерекелік атмосфераға бөлейді.
Іс-шараға еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген бірқатар құрылымдар қатысады:
— Мемлекеттік күзет қызметі
— Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы
— Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
— Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл күн — тек мереке ғана емес, ел қорғандарының кәсібилігі мен бірлігін тамашалауға тамаша мүмкіндік.
Өзіңіз келіп, ерекше әсер алып қайтыңыз!



