Қоғам

Ешкім көрмейді деме — дрон бәрін көреді

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала тазалығын сақтау жұмыстары күшейіп жатыр. Полицейлер енді тек рейд жасап қана қоймай, заманауи технологияларды да қолданып жүр.

Мысалы, қаладағы жағдайды бақылау үшін камералар мен дрондар пайдаланылады. Соның арқасында заңсыз қоқыс тасталған жерлер, әсіресе қала шетінде, тез анықталуда.

Көбінесе тәртіп бұзушылықтар құрылыс нысандарының маңында болады — қоқыс уақытында шығарылмай, жиналып қалады. Мысалы, Көктал көшесі бойында осындай жағдайлар тіркелген.

Жыл басынан бері қалада шамамен 19 мың ереже бұзу фактісі анықталған. Ал рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандар бойынша 400-ге жуық іс экология департаментіне жіберілген.

Сонымен қатар, полиция тұрғындармен бірге түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат тұрғындарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Қысқасы қаланы таза ұстау — тек коммуналдық қызметтің емес, әр тұрғынның міндеті.  Ережені бұзсаң айыппұл бар екенін де ұмытпау керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button