Басты жаңалықҚоғам
Қазір Қазақстанда қанша ардагер қалды?
2026 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 57 ардагері тұрады.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысының 57 ардагері қалды. Жеңістің 81 жылдығына орай олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден төленді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, соңғы бес жылда елдегі майдангерлер саны шамамен жеті есе азайған. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанда 381 ардагер тұрған.
Сондай-ақ бүгінде елде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 31 349 тыл еңбеккері тұрады.
Өзге санаттағы ардагерлерге төленетін әлеуметтік көмектің көлемі жергілікті бюджет мүмкіндігіне байланысты анықталады.



