Қоғам

Енді Құрбандықты «онлайн» шалуға болады

Қазақстанда Құрбан айт кезінде құрбан шалуға арналған онлайн сервис іске қосылды. Енді қазақстандықтар арнайы сайт арқылы мал таңдап, төлем жасап, құрбандықты қашықтан шала алады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Енді қазақстандықтар құрбан шалуды онлайн форматта рәсімдей алады.

ҚМДБ мәліметінше, сайт әсіресе үлкен қала тұрғындарының ыңғайы үшін жасалған. Пайдаланушылар платформа арқылы құрбандыққа шалынатын малды таңдап, төлемді банк қосымшасы арқылы аудара алады.

Қой немесе ешкіні бір адам шала алады. Ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалуға болады.

Тапсырыс рәсімделгеннен кейін телефонға SMS-хабарлама келеді. Ал құрбандық шалынған соң тапсырыс берушіге фото және видеоесеп жіберіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button