Қоғам
Елордада ең үлгілі отбасыны іздеп жатыр
Астанада отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды.

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылдау басталды. Байқауда отбасылық құндылықтарды насихаттап, өзгелерге үлгі бола алатын отбасылар таңдалады.
Қатысушылар отбасы дәстүрлері, балалар тәрбиесі, шығармашылық, спорт, волонтерлік немесе қоғамдық белсенділігі бойынша бағаланады.
Өтінімдер мен құжаттарды PDF форматында мына поштаға жіберу керек: mereyli.otbasy2026@mail.ru
Құжат қабылдау 2026 жылдың 15 маусымына дейін жалғасады.



