Қоғам
Әкімдік қалада теректің мамығын азайту үшін не істеп жатыр?

Астанада терек мамығымен күрес жұмыстары күшейтілді. Қала көшелерін тазалау және ауадағы мамық мөлшерін азайту үшін арнайы техника қолданылады.
Көшелерге:
— 20 су шашатын техника
— 20 вакуумды техника шығарылады
Сонымен қатар тәулігіне 800–1000 текше метр су пайдалану жоспарланған.
Жүйе былай жұмыс істейді:
— су мамықты жерге түсіреді
— вакуум техникасы оны жол мен тротуардан жинайды
— ауадағы мамық азайып, өрт қаупі төмендейді



