Қоғам
Енді ұшаққа «бетпен» кіреміз: Қазақстандағы әуе рейстеріне Face ID енгізбек

Еліміздің ішкі әуе рейстеріне биометриялық жүйе енгізу жоспарланып отыр. Алғашқы пилоттық жоба Астана – Шымкент бағыты бойынша іске қосылады.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, жаңа технология жолаушылардың әуежайдағы тексеруден жылдамырақ өтуіне көмектеседі.
Қазір Астана мен Алматы әуежайларында Q-Gate терминалдары жұмыс істеп тұр. Бұл жүйе арқылы паспорттық және ұшу алдындағы бақылаудан өту уақыты шамамен 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқарады.
Жыл соңына дейін осындай тағы 16 терминалды Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау әуежайларына орнату жоспарланған.
Егер жоба сәтті өтсе, биометриялық жүйе басқа рейстерге де енгізілуі мүмкін.



