Қоғам
Made in Kazakhstan: елордада Ulttyq ónim көрмесі өтеді

22-24 мамыр күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Ulttyq ónim-2026 көрмесі өтеді.
Биыл көрме тарихындағы ең ауқымды шара болмақ: 600-ден астам қазақстандық компания қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Көрмеде азық-түлік, киім, жиһаз, құрылыс өнімдері, крафт тауарлар мен түрлі қызметтер ұсынылады. Келушілер өнімдерді өндірушілерден тікелей сатып ала алады.
Бағдарлама аясында сән көрсетілімдері, концерттер, B2B-кездесулер, интерактивті аймақтар және бизнесте жасанды интеллектіні қолдану бойынша мастер-класстар өтеді.
Көрмеге кіру тегін. Тек сайт арқылы немесе кіреберісте тіркелу қажет.



