Қоғам

Қаламыздың зейнеткерлерін ретро-диско кешіне шақырамыз!

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жазғы маусымның ашылуына орай зейнеткерлерге арналған ретро-дискотекаларды қайта бастайды. «Шұғылалы жаз» атты би кештері әр сәрсенбі күні «Жетісу» саябағында сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Кеш барысында ретро әндер шырқалып, концерттік бағдарламалар мен би ұжымдарының өнері ұсынылады.

Жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Өткен жазда зейнеткерлер үшін 15 би кеші өткен. Басты мақсат аға буын өкілдерінің белсенді демалысы мен араласуына жағдай жасау.

Сонымен қатар қыркүйекке дейін елорда саябақтарында тегін таңғы жаттығулар өтеді. Зейнеткерлер йога, пилатес, скандинавиялық жүріс, цигун және емдік гимнастикамен айналыса алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button