Қоғам
Астанадағы BESQARU зауытына 19 елдің әскери атташелері келді
Қазақстандық BESQARU техника өндірушісі 19 елдің әскери атташелерін қабылдады
Астанадағы BESQARU зауытының жұмысымен 19 елдің әскери-дипломатиялық корпус өкілдері танысты.
Кәсіпорынға Әзербайжан, Қытай, Франция, Германия, Түркия, АҚШ, Жапония және басқа да елдердің әскери өкілдері барды.
Қонақтарға зауыттың өндірістік мүмкіндіктері, TAIMAS және AIBAR бронетехникасы, сондай-ақ техниканы жаңғырту мен радиоэлектрондық қорғаныс бағытындағы шешімдер таныстырылды.
Бүгінде BESQARU тек бронетехника өндірісін ғана емес, қорғаныс өнеркәсібіндегі жаңа бағыттарды да дамытып, халықаралық серіктестікті кеңейтіп келеді.



