Қоғам

Көлік нөміріне қатысты жаңа ереже: енді ескі нөмірді туыстарға беруге болады

25 мамырдан бастап автокөлікті тіркеу ережелері жаңарып, енді көлік нөмірлерін жақын адамдарға беру әлдеқайда жеңілдейді.

Жаңа тәртіп бойынша жүргізушілер ескі мемлекеттік нөмірлерін туыстарына немесе ерлі-зайыптыларға рәсімдей алады. Тіпті ол нөмір бұрын басқа адамның атында болған күннің өзінде де беруге рұқсат етіледі. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек VIP немесе «әдемі» нөмір иелеріне ғана қолжетімді еді.

Сонымен қатар қазақстандықтарға жаңа форматтағы ақылы нөмірлер ұсынылады. Енді 101, 202, 404, 717, 808 секілді есте тез сақталатын комбинацияларды сатып алуға болады.

Бағасы да әртүрлі: қарапайым әдемі нөмірлер шамамен 64 мың теңгеден басталса, ерекше әріптер мен комбинациялар 300 мың теңгеден асып кетуі мүмкін.

Жаңа өзгерістер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны жүргізушілер үшін ыңғайлы шешім десе, енді бірі «әдемі» нөмірге сұраныс тіпті күшейетінін айтып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button