Құрбан айт-2026: елордада құрбандық қай жерде шалынады?

Астанада биыл 27–29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт мерекесіне арналған арнайы құрбандық шалу орындары белгіленді.
Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешіттерінде оқылады.
Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми бекітілген орындарда жүргізіледі.
Арнайы алаңдар мекенжайы:
— «Шанхай» базары — Алаш тасжолы, 34/6
— «Баракат» базары — А369 көшесі, 10
— «Жайлау» базары — Алаш тасжолы, Ц313 көшесі
— «Шаушен» шаруа қожалығы — Алаш тасжолы, 136Б
— «Ет-Хан» ет цехы — Теміржолшы тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20
Құрбандық шалуды арнайы белгіленбеген орындарда өткізуге болмайды.
Тұрғындарға санитарлық және ветеринарлық талаптарды сақтау ескертілді. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуға және қалдықтарды арнайы тәртіппен жоюға шақырады.



