Қоғам

Елордадағы дәмханаларға ит еті жеткізіледі деген ақпарат рас па?

Астана қаласы әкімдігінің «Астана Ветсервис» мекемесі елордадағы қоғамдық тамақтану орындарына ит еті жеткізіліп жатыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мекеме таратқан мәліметке сәйкес, әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат 2023 жылы Ақмола облысында анықталған ит етінің заңсыз айналымына қатысты оқиғаға байланысты шыққан. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, іс сотта қаралған. Нәтижесінде кінәлі тұлға заң аясында жауапкершілікке тартылған.

Ресми мәлімдемеде қазіргі уақытта Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында ит етін жеткізу, сату немесе пайдалану фактілері тіркелмегені айтылды.

Сондай-ақ елордада тұрақты ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізілетіні хабарланды. Мамандар жеткізушілерді тексеріп, өнімдердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылауда ұстап отыр.

«Астана Ветсервис» тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button