Қоғам
Қазір сталкинг қатаң бақылауда: жазасы қандай?
Астанада адамды жүйелі түрде аңду мен қудалауға қарсы қандай шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

Астанада сталкингтің алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Қазақстанда 2025 жылдан бастап сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл адамның еркінен тыс жүйелі түрде аңду, бақылау жасау, хабарламамен мазалау, жалған аккаунттар ашу, геолокацияны қадағалау немесе әлеуметтік желі арқылы қысым көрсету.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, сталкинг «жай ғана назар аудару» немесе «жеке мәселе» емес, адамның жеке өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекет.
Мұндай іс-әрекет үшін айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Құқық қорғау органдары азаматтарды мұндай жағдайларды елемей қоймауға шақырады. Скриншоттар, хаттар, қоңырау жазбалары сияқты дәлелдерді сақтау маңызды.



