Қоғам

Пандус жоқ па? Енді оған көз жұма қарамайды

Астанада ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері ондаған тексеріс жүргізіліп, пандус пен тактильді белгілері жоқ нысандарға айыппұл салына бастады.

Астанада ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары күшейтілді. Қалада әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына тексерістер жүргізіліп, талаптарды орындамағандарға айыппұл салына бастады.

Департамент басшысы Асқар Аймағамбетовтің айтуынша, тексерістер пандус, тактильді белгілер және нысандарды бейімдеу талаптарына қатысты жүргізілуде.

2026 жылдың алғашқы төрт айында елордада 17 тексеріс өткізілген. Оның ішінде жоспардан тыс және прокуратурамен бірлескен тексерістер де бар.

Қазір қолжетімділік картасына Астанадағы 2143 нысан енгізілген. Оның 1435-і бейімделген, бұл шамамен 67%-ды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

«Кедергісіз орта қалыптастыру – тек заң талабы емес, бұл қалалық инфрақұрылым сапасы мен қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші», — деді Асқар Аймағамбетов.

Сонымен қатар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімділік талаптарына сәйкестікті бақылау функциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button