Қоғам

Кіші Талдыкөл енді қалай өзгереді?

Кіші Талдыкөл маңында табиғи демалыс аймағы пайда болуы мүмкін. Жоба туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Астанада қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл елордада 170-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік – саябақтар, гүлзарлар және желекжолдар абаттандырылады. Сонымен қатар қалада 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қаланың маңызды жобаларының бірі – Кіші Талдыкөл аумағындағы экопарк. Қазір мұнда дайындық және инженерлік жұмыстар басталып кеткен.

Жоба аясында су айдынының кейбір бөліктері тазартылып, түбі тереңдетіліп жатыр. Сонымен қатар болашақ экопарктың инфрақұрылымына арналған аумақ дайындалуда.

Биыл аумақта:
— су сүзгілеу жүйесі бар техникалық нысандар салу;
— су деңгейін сақтау үшін ұңғымаларды іске қосу;
— алғашқы серуендеу бағыттарын жасау;
— аумақты көгалдандыру жұмыстарын бастау жоспарланған.

Алғашқы ағаш отырғызу кезеңі осы күзде басталады. Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыстар табиғи ландшафт пен экожүйені барынша сақтай отырып жүргізіледі.

Келесі жылы экологиялық жаяу жолдар мен серуендеу маршруттарын аяқтау, тыныш демалыс аймақтарын ашу, жасыл аймақтарды көбейту және табиғи экожүйені қорғауға бағытталған шешімдерді іске асыру жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button