Қоғам

Елордада жарық құны тағы қымбаттай ма?

Астанада жарық бағасы қымбаттауы мүмкін. «Астана-АЭК» компаниясы электр энергиясының тарифін көтеруді ұсынып отыр. Егер ұсыныс қабылданса, жаңа баға 5 маусымнан бастап күшіне енуі ықтимал.

Компанияның айтуынша, жарықты сатып алу мен тасымалдау шығындары көбейген. Сонымен қатар қалада жаңа үйлер мен ғимараттар көп салынып жатқандықтан, электр энергиясын пайдалану да артқан.

Жаңа тариф бойынша тұрғындар жарыққа шамамен 10 пайызға көп төлейді. Мысалы, бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі орта есеппен 383 теңгеге қымбаттайды. Екі бөлмелі пәтерде – 766 теңге, үш бөлмелі үйде – 1148 теңгеге дейін өседі.

Ал бизнес нысандары үшін жарық бағасы 22 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Қазір бұл ұсыныс әлі қаралып жатыр. Соңғы шешімді Табиғи монополияларды реттеу комитеті қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button