Қоғам

Мектеп тапшылығы азайып келеді: биыл тағы бірнеше жаңа оқу орындары ашылады

Астанада мектеп мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елордада тағы 12 жаңа оқу орны ашылатынын айтты. Оның сөзінше, соңғы жылдары қалада 44 мектеп бой көтерген. Соның арқасында оқушы орындарының тапшылығы азайып, мектептердегі жүктеме жеңілдей түскен.

Әсіресе халқы тығыз қоныстанған аудандарға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қазірдің өзінде жаңа мектептер мен Оқушылар сарайларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Алдағы жоспар да ауқымды. 2035 жылға дейін Астанада 140-қа жуық жаңа мектеп салу көзделген. Оған қоса, биыл тағы екі Оқушылар сарайы мен алты балабақша ашылмақ.

Қала билігі білім беру нысандарын салуға жеке инвесторларды да тартып жатыр. Бұл болашақта қаладағы әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button