Қоғам

Астанада суға түсуге болатын 5 орын

Астанада суға түсу маусымы 1 маусымда басталады. Құтқарушылар тұрғындарға қай жерде суға түсуге болатынын еске салды.

Астанада суға түсу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға суға түсуге рұқсат етілген орындарды еске салды.

Биыл елордада суға түсуге болатын бес ресми орын анықталды:
— «Армина» демалыс аймағы;
— «Столичный двор»;
— «Три пескаря»;
— Орталық қалалық жағажай;
— коммуналдық жағажай.

ТЖД мәліметінше, дәл осы жабдықталған жағажайларда құтқару бекеттері, медициналық пункттер, буйлар және қауіпсіз демалысқа қажетті жағдайлар қарастырылған.

Соған қарамастан, кейбір тұрғындар әлі де “жабайы” пляждарды таңдайды. Алайда мұндай жерлерде су түбі тексерілмейді. Астында шыны, темір немесе басқа қауіпті заттар болуы мүмкін. Қазір Астанада суға түсуге тыйым салынған 21 учаске бар.

Құтқарушылар сондай-ақ үрлемелі шеңберлер мен жеңқаптар балалардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтінін ескертті. Сондықтан балаларды су жанында қараусыз қалдыруға болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button