Басты жаңалық

Астаналық балаларды Kids Run жарысына қатысуға шақырады

Балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі Kids Run балалар жарысы өтеді. Спорттық шара 1 маусым күні сағат 09:00-де Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында басталады.

Жарысқа 6-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 300, 500 және 1000 метр қашықтықта бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа барлығы 500 бала ғана қатыса алады. Осыған байланысты ата-аналарға алдын ала онлайн тіркелу ұсынылады. Тіркелу 29-31 мамыр аралығында reg.elordasport.kz сайтында өтеді. Қатысу тегін.

Мәре сызығын аяқтаған барлық қатысушыға арнайы медаль табысталады.

Kids Run жарысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, оны қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button