26-28 мамыр аралығында Шанхайда ITB China 2026 халықаралық туристік көрмесі өтуде. Көрмеде Астана заманауи туристік әрі іскерлік бағыт ретінде таныстырылып жатыр.
Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы елордаға 1,6 млн-нан астам турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7%-ға көп.
Астанаға көбіне Қытай, Түркия, Ресей, Германия және АҚШ елдерінен туристер келеді.
Қазір қалада 310-нан астам қонақүй мен 2 мыңнан аса қоғамдық тамақтану орны жұмыс істейді.
Сонымен қатар, елордада іскерлік туризм де белсенді дамып келеді. Былтыр Астанада 190-ға жуық халықаралық іс-шара өтіп, оларға 150 мыңнан астам адам қатысқан.
ITB China аясында Астана делегациясы халықаралық туроператорлармен және серіктестермен 100-ден астам B2B-кездесу өткізуді жоспарлап отыр.



