Қоғам

Елордадағы мектепке қабылдаудағы ең жылы оқиғалардың бірі

Астанада бір отбасының үш баласы Күнтуған, Айтуған және Нұртуған Бақыт бірінші сыныпқа қатар құжат тапсырды.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіне ерекше оқушылар құжат тапсырды үшемдер Күнтуған, Айтуған және Нұртуған Бақыт.

Жаңа оқу жылында олар алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қазақ тілінде білім алады.

Ата-аналары балалардың тәрбиелі, білімді әрі елін сүйетін азамат болып өсуін тілейтіндерін айтты.

Айта кетейік, Астанада бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Кей ата-ана үшін бір баланы мектепке дайындау-ақ үлкен уайым болса, үшемдердің ата-анасында ол сезім бірден үш еселенетін сияқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button