Қоғам

«JASYL EL – 2026»: елорда жастарына 5 200 жұмыс орны ұсынылады

Биыл елордада «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы басталады.  2026 жылы бағдарлама аясында 14-35 жас аралығындағы 5 200-ден астам мектеп оқушысы мен студентті жұмыспен қамтылады.

Еңбек маусымы мамыр мен тамыз аралығында өтеді.

Еңбек жасақтарының кәмелетке толмаған белсенділері Еңбек кодексіне сәйкес – күніне 4 сағаттан және аптасына 5 күннен аспайтын уақыт жұмыс істейді.

«JASYL EL» жобасына қатысушылар елорданы абаттандыру және көгалдандыру жұмысына, соның ішінде жасыл желектерді күтіп-баптауға, ағаштарды суаруға белсенді түрде атсалысады. Ең ауқымды іс-шаралардың қатарында «Мөлдір бұлақ», «Сәтті Сәрсенбі», «Таза Бейсенбі», сондай-ақ «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамаларын дамыту аясындағы акциялар бар.

Қазіргі уақытта қатысушылардың еңбекақысы ең төменгі жалақыға теңестірілген, 85 мың теңге. Міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды есепке алғанда, қолға тиетін сома 72 625 теңге. Жыл сайын бағдарлама аясында мыңдаған жас жұмысқа орналасады.

Былтыр жазғы еңбек маусымында 5 200-ден астам жас қамтылса, биыл да дәл осындай көрсеткішті қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының цифрландыруды және ЖИ-ді дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында биыл жобаны ауқымды цифрлық трансформациялау жүргізілді.

Алғаш рет astana-jasylel.kz мамандандырылған цифрлық порталы әзірленіп, іске қосылды, соның арқасында жастарды жұмысқа орналастыруға өтінім беру процесі толықтай цифрландырылды.

Хабарланғандай, 30 мамыр күні сағат 09:00-де astana-jasylel.kz сайтында қала саябақтарында маусым айында жұмыс істеу үшін өтінім қабылдау ашылады. Бұл кезеңде 100 жұмыс орнына квота бөлінген.

«JASYL EL – 2026» ХХІІ еңбек маусымының салтанатты ашылуы 29 мамыр күні сағат 16:00-де елордалық Амфитеатрда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button