Қоғам

Мифтердің орнына дәрігерлердің жауабы: ата-аналар дәрігерлерден тегін кеңес алды

Балаларды қорғау күні қарсаңында MEGA Silk Way сауда орталығында балалар денсаулығына арналған арнайы алаң ұйымдастырылды.

MEGA Silk Way орталығында ата-аналар балалар денсаулығы бойынша мамандардан тегін кеңес алды.

Шара барысында дәрігерлер вакцинация, профилактикалық тексерулер және балалар денсаулығын нығайту туралы ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – ата-аналарға денсаулыққа қатысты сенімді ақпаратты тікелей мамандардан жеткізу.

Астана тұрғынының айтуынша, вакцинация тақырыбында қазір түрлі пікір мен жалған ақпарат көп, сондықтан дәрігерлермен тікелей сөйлесу пайдалы болған.

Шара Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button