Қоғам

LRT алғашқы рекордын тіркеді

Астанада LRT іске қосылғаннан кейін екі апта ішінде оны 1 миллион жолаушы пайдаланған.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жұмысының алғашқы нәтижелерімен бөлісті.

Оның айтуынша, іске қосылғаннан кейінгі екі аптада жаңа көлік жүйесі 1 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.

Қазір күн сайын LRT-мен шамамен 65–75 мың адам қатынайды. Бұл көрсеткіш оның қала тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Сонымен қатар қалада LRT-ның Қосшы бағытына қарай екінші кезеңін іске асыру басталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button