Қоғам

Билет сатып алып, iPad ұтып алды: Астанада 5 миллионыншы жолаушыны қарсы алды

«Нұрлы жол» вокзалында 2026 жылдың 5 миллионыншы жолаушысын салтанатты түрде қарсы алды. Ол Алматыдан әжесімен бірге келе жатқан 12 жастағы Нұрдәулет Келдібек болып шықты.

Алматыдан Астанаға бағыт алған қарапайым сапар Нұрдәулет Келдібек үшін ерекше күнге айналды.

Оның билеті автоматты жүйе арқылы 2026 жылдың 5 миллионыншы билеті ретінде анықталған. Осыған байланысты жас жолаушыны вокзалда арнайы қарсы алып, оған iPad, сымсыз құлаққап және жеміс себеті табысталды.

Нұрдәулет Астанаға әжесімен бірге №9/10 пойызымен келген.

Әжесінің айтуынша, мұндай сыйлық пен құрмет олар үшін күтпеген әрі жағымды тосынсый болған.

Айта кетейік, мерейтойлық жолаушыларды құттықтау ұлттық тасымалдаушының жақсы дәстүріне айналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button