Қоғам

Клоундар көшеде ғана емес, LRT-де де өнер көрсетті

Балаларды қорғау күні Астанадағы LRT жолаушылары ерекше қойылымның куәсі болды.

Астанада III Халықаралық клоундар фестивалінің әртістері мерекелік көңіл күйді көшеде ғана емес, LRT ішінде де сыйлады.

Олар «Нұрлы жол» станциясынан Бәйтерек монументіне дейінгі бағытта жүріп, қарапайым сапарды шағын мерекеге айналдырды.

Ерекше костюмдер, әзілдер мен тосын қойылымдар балалар мен ересектердің көңілін көтерді.

Фестивальге Қазақстаннан бөлек Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресейден келген өнерпаздар қатысуда. Сонымен қатар әйгілі Мұтырғановтар әулеті де өнер көрсетіп жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button