Қоғам

Неге LRT атауын өзгертпек?

Астанадағы LRT жобасы жақын арада жаңа атауға ие болуы мүмкін. Мәслихат депутаттары «Тарлан-Астана» атауын қолдап, мәселені Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолдады.

Астанадағы LRT жобасының атауы өзгеруі мүмкін. Мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік жүйесіне «Тарлан-Астана» атауын ұсынды.

Бұған дейін тұрғындардан бірнеше нұсқа түскен. Олардың қатарында «Сұңқар», «Лашын» және «Аспан» атаулары болған.

Айта кетейік, LRT (Light Rail Transit) — жобаның жеке атауы емес. Бұл ағылшын тілінен аударғанда «жеңіл рельсті көлік» дегенді білдіретін техникалық термин ғана. Бүгінде тұрғындар көлік жүйесінің атауын емес, оның түрін айтып жүр.

Жаңа атау елорданың өзіндік брендіне айналып, туристер мен қала қонақтарының есінде оңай сақталуы үшін ұсынылып отыр.

Неге «Тарлан»?

Қазақ тілінде «тарлан» сөзі күш-қуатты, еркіндікті, төзімділікті және алға ұмтылысты білдіреді. Көбіне жүйрік тұлпарға немесе асқақ рухтың символына қатысты қолданылады.

Әзірге бұл тек ұсыныс. Соңғы шешімді Республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды. Егер мақұлданса, көп жылдан бері «LRT» деп аталып келген жоба алғаш рет өзіне тән ресми атауға ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button