Қоғам

«е-Ымдау»: ым тілін қолжетімді ететін жаңа қосымша

Ым тілін үйрену, қажетті сөзді табу және ақпаратқа қол жеткізу енді әлдеқайда жеңіл. Елде «е-Ымдау» атты жаңа видеосөздік жұмысын бастады.

Қазақстанда ым тіліне арналған «е-Ымдау» видеосөздігі ресми түрде іске қосылды. Жоба есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім алуына, қарым-қатынас жасауына және қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Ресурс интерактивті база форматында жұмыс істейді. Мұнда сөздер мен ұғымдар арнайы бейнероликтер арқылы көрсетіліп, пайдаланушылар қажетті сөзді іздеу жүйесі арқылы жылдам таба алады.

Видеосөздік қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Ол 21 лексикалық тақырыпты қамтиды және мобильді қосымша арқылы немесе онлайн форматта пайдалануға болады.

Жоба ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтіп, ым тілін меңгеруді жеңілдетуге және инклюзивті білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button