Қоғам
Мектеп түлектері мейрамды өздеріне емес, өзгелерге сыйлады
Аттестат алған күні олар мерекені өздеріне ғана арнамады. Керісінше, қиын сынақпен бетпе-бет келген балаларға қуаныш сыйлауға шешім қабылдады.
Астанадағы №111 мектептің түлектері мектеп бітіру кешін ерекше форматта өткізді. Олар дәстүрлі банкеттен бас тартып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
«Болашақ бізді бірге күтеді!» атты акция аясында түлектер онкологиялық бөлімде ем алып жатқан балаларға сыйлықтар әзірлеп, жылы лебіздерін жолдады. Кейін ата-аналарымен бірге медициналық мекеме аумағына барып, қолдау флешмобын өткізді.
«Сен батырсың» және «Мен бүгін мектеп бітірсем, ертең сен де бітіресің» деген жазулар балаларға арналған ең шынайы тілектердің біріне айналды.
Акция соңында балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.



