Қоғам
LRT мен AstanaBike бір маршрутқа бірігеді
Қала ішінде қозғалу бұрынғыдан да ыңғайлы болуы мүмкін. Елордада LRT мен AstanaBike жүйесін бір QR-код арқылы байланыстыру жоспарланып отыр.

Астанада LRT мен AstanaBike жүйесін біріктіру жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес, 2027 жылдан бастап жолаушылар LRT станциясынан шыққан соң мобильді қосымшадағы QR-код арқылы бірден электр велосипедті жалға алып, сапарын жалғастыра алады.
Жоспар бойынша мұндай ауысу үшін бөлек жолақы төлеудің қажеті болмайды. Қоғамдық көлік пен велопрокат біртұтас жүйе ретінде жұмыс істемек.
Осы мақсатта елордаға 1300 электр велосипед сатып алынады. Олар сағатына 25 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғалып, бір қуатпен кемінде 50 шақырым жүре алады.
Қала бойынша 195 велобекет орнатылады. Әр бекетте тұрақ орындары мен LED-ақпараттық тақталар болады. Ал велосипедтердің өзі GPS бақылау жүйесімен, LTE, Wi-Fi және Bluetooth модульдерімен жабдықталады.



