Қоғам

Қайда барсаңыз да кадрдасыз: Астанада жаңа камералар пайда болады

Елордада қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қосымша 1200 бейнебақылау камерасы орнатылады. Әр ауданға 200 камерадан бөлініп, барлығы алты аудан қамтылады.

Жаңа камералар 240 нысанға қойылады. Олардың қатарында жылы аялдамалар, тұрғын үйлердің аулалары және көше жарығының тіректері бар. Яғни тұрғындар жиі жүретін орындардың басым бөлігі бақылауға алынады.

Бұл шараның басты мақсаты – қаладағы жағдайды жедел бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету. Мамандардың айтуынша, бейнебақылау жүйесінің кеңеюі қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қысқасы, Астана бұрынғыдан да «сергек» қалаға айналмақ. Сондықтан көшеде күлімдеп жүрген дұрыс – камералар сізді байқап қалуы әбден мүмкін. Ал әзілден бөлек айтсақ, мұндай жүйелер қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button