Қоғам

Сарбаздарға арналған жеткізу қызметі: Voenmart қалай жұмыс істейді?

Қазақстан армиясында Voenmart цифрлық сервисі іске қосылды. Енді мерзімді әскери қызметшілер қажетті тауарлар мен дайын тағамға әскери бөлімнің өзіне жеткізумен тапсырыс бере алады.

Қолжетімді тауарлардың қатарында:
• жеке гигиена құралдары;
• тігінге қажетті бұйымдар және басқа да күнделікті заттар;
• жеміс-жидек, шырын, жеңіл тағамдар, бәліштер;
• бургер, пицца және дайын тағамдар бар.

Жеткізу қызметі әскери қызметшілер үшін тегін болады.

Қазір жоба сынақ режимінде Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде іске қосылған. Егер жоба тиімділігін көрсетсе, кейін басқа әскери бөлімдерге де енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button