Мәдениет

BaiQymyz-2026: Бас жүлдені кім жеңді?

Астанада өткен BaiQymyz-2026 халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы байқауға Қазақстан мен Ресейден келген 59 қымыз өндіруші қатысып, ұйымдастырушылар негізгі жүлделермен қатар арнайы аталымдар арқылы да үздіктерді марапаттады.

Астанада өткен BaiQymyz-2026 халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Екі күн ішінде фестивальге 70 мыңнан астам адам келіп, қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылды.

Биылғы байқаудың басты ерекшелігінің бірі – оған Қазақстанның барлық өңірлері мен Ресейден келген 59 қымыз өндірушінің қатысуы болды.

Қатысушылар санының көп болуына байланысты ұйымдастырушылар негізгі жүлделермен қатар арнайы аталымдарды да көбейтіп, көптеген өндірушінің еңбегін лайықты бағалауға мүмкіндік жасады.

«BaiQymyz» негізгі байқауының жеңімпаздары:

Бас жүлде – «Qymyznai Qymyzy» (Ақмола облысы, Бурабай ауданы);

Алтын жүлде – «Ағабек ата ерекше қымызы» (Ақмола облысы, Ақкөл ауданы);

Күміс жүлде – «Saryarqanyn saf qymyzy» (Ақмола облысы, Целиноград ауданы);

Қола жүлде – «Qarakush» (Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы).

«Ем қымыз» номинациясы:

алтын – «Баянның бал қымызы»;

күміс – «Saryterek»;

қола – «Sarybel».

«Халық таңдауы» номинациясы:

алтын – «Теректінің текті қымызы»;

күміс – «Sarzhal Bakytzhan»;

қола – «Ақтоған».

Арнайы аталымдар:

«Алтын күбі» – «Bizdin Qymyz»;

«Алтын саба» – Катонқарағай қымызы;

«Алтын шара» – Омбы қымызы (Ресей);

«Күміс тостаған» – «Saba»;

«Күміс торсық» – «Тоқаш ана» шипажайы;

«Қымыз серті» – «Ләйлә»;

«Жайлау дәмі» – «Zhanten»;

«Дәстүр сақтаушы» – «Ақтерек»;

«Үздік дизайн» – «Әділ қымыз»;

«Дәм шебері» – «Ақсақал».

Бүгінде BaiQymyz ұлттық сусынды дәріптейтін байқаумен ғана шектелмейді. Фестиваль қымыз өндірушілерді қолдап, ұлттық тағам мәдениетін насихаттауға, этнотуризм мен гастрономиялық туризмді дамытуға ықпал ететін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді. Биылғы қатысушылар саны мен көрермендердің жоғары қызығушылығы соның айқын дәлелі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button