Қоғам
Қос Дастан жаһандық миссияны қолға алды
Қазақстандық футболшы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер ByDastann (Дастан Мұхамедрахым) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды.

Қазақстандық футболшы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер ByDastann (Дастан Мұхамедрахым) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды.
Еске салайық, 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған.
Бұл бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, өзара көмек, ынтымақ, азаматтық жауапкершілік және еріктілік мәдениетін дамытуға бағытталған.



